Ел Президентінің саяси реформалар пакетінің негізгі бағыттарының бірі – ауыл әкімдерінің сайлауына Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары ерекше белсенділікпен қатысты.

Сайлаушылар 74 сайлау учаскесінде Аққұдық ауылы мен 34 ауылдық округ әкімдерін таңдады. Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Шалқар, Хромтау аудандарының сайлаушылары аса белсенділік танытты.
Сондай-ақ ауыл әкімдерін сайлау кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға облыс бойынша 196 полиция қызметкері жұмылдырылды. Олардан басқа, 74 полиция қызметкері облыс орталығынан 12 ауданға сайлау учаскелеріне бюллетеньдер жеткізуге қатысты.
Алға ауданының Тоқмансай және Үшқұдық ауылдық округтерінің әкімі болуға 6 кандидат таласқа түсті. Байғанин ауданының Көлтабан, Сартоғай, Қызылбұлақ ауылдық округтері мен Әйтеке би ауданының Т.Жүргенов, Әйке, Жамбыл, Үшқатты, Тұмабұлақ, Аралтоғай, Қайрақты ауылдық округтерінің әкімі болуға бір орынға үш кандидаттан келген.
Мұғалжар ауданындағы 1225 тұрғыны бар Қайыңды ауылдық округінің әкімі болуға сайлауға үш кандидат түсті. Олар «Ақжол» демократиялық партиясынан – Джали Абдиев, Nur Otan партиясынан – Нұрболат Жалғас және өзін өзі ұсынған Руслан Төребеков. Жексенбі күні осы округке кіретін Алтынды және Қайыңды елді мекендерінің 712 сайлаушысы оларға таңдауын жасады.
Қобда ауданының И.Құрманов атындағы, Сарбұлақ, Талдысай, Жарсай, Терісаққан ауылдық округтерінің сайлаушылары 8 учаскеде дауыс берді.
И.Құрманов атындағы ауылдық округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәнібек Анишов Егіндібұлақ елді мекеніндегі орта мектепте орналасқан №443 сайлау учаскесіне таңертеңгілік уақытта келіп дауыс берді. Ақсақал ауыл әкімі істің көзін таба білетін шебер ұйымдастырушы бола білуі керек деген пікірде.
«Ауыл әкімін үлкен жұмыс күтіп тұр. Биылғы қуаңшылық елге оңай тиген жоқ. Қысқа дайындық, отын-су әзірлеу, жұмыссыздарды кәсіптік бағдар беру курстарына жіберу, жас мамандар тарту, көгалдандыру сияқты қыруар жұмыстарды үздіксіз жүргізу керек. Тек сонда ғана жұмыстың нәтижесі көрінеді. Ауылда ерінбеген адамға табыс көзі көп. Осы жағынан ауыл ақсақалдары сайланған әкімге қолдан келген көмегімізді береміз», дейді Егіндібұлақ елді мекенінің тұрғыны Ж.Анишов.
«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ерәділ Үббіниязовтың хабарлауынша, Ақтөбе облысында өтіп жатқан ауыл әкімдері сайлауын 500-ге жуық байқаушы қадағалады. Олардың ең көбі Әйтеке би ауданында тіркеліпті. Осы аудандағы жеті округ әкімі сайлауын 150 байқаушы қадағаласа, Байғанин мен Қобда аудандарында 80, өзге аудандарда 10-30 байқаушыдан тіркелген.
Ақтөбе облысы
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:35
Қазақстан • Бүгін, 08:33
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
Қоғам • Бүгін, 08:30
Электронды бақташының ерекшелігі
Аймақтар • Бүгін, 08:25
БАҚ-тан бата алған баспасөз хатшысы
Қоғам • Бүгін, 08:15
Сурдлимпиада: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады
Спорт • Бүгін, 08:10
Президент БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Президент • Бүгін, 08:05
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар