Кеше Қызылорда облысындағы 54 сайлау учаскесінде тұрғындар ауыл басшысын таңдап, дауыс берді. Өңірдегі 40 ауылды басқармаққа үмітті 122 кандидаттың 47-сі саяси партиялардан, қалғаны – өзін-өзі ұсынғандар. Түске дейін аймақтағы 36 071 сайлаушының 48,8 пайызы таңдау жасап үлгірді.

Облыстағы 6 округ бойынша 2 кандидаттан, 28 округте 3, 5 округте төрт, ал бір округте 6 үміткерден тіркелген. Облыс орталығына жақын Сырдария ауданындағы 3 округте тұрғындар лайықты үміткерге дауыс берді.
Осы аудандағы сайлау өткен 3 ауылдың бірі – Нағи Ілиясов атын иеленген іргелі елді мекен. Ауыл шаруашылығы тұралай бастаған тоқсаныншы жылдары қиындық тартқан елді мекен кейін жергілікті іскер азаматтардың жанашырлығының арқасында жаңғырып, аудан орталықтарымен бәсекеге түсердей кейіпке енген. Гүлзарлар мен орталық алаңдағы субұрқақ, қалада кездесе бермейтін сауда үйлері – бүгінгі ауыл тұрмысының айғағы. Мұндағы әлеуметтік нысандардың да қатары толық. Бизнес пен билік арасындағы әріптестіктің арқасында ауылда стадион, жергілікті әкімшілік ғимараты салынды. Қазір ауылдағылардың дені осындағы «Мағжан және К» серіктестігінде еңбек етеді. Мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдаланып, мал басын көбейтіп жатқандар да бар. Кешегі күні ауылдағы 1 330 сайлаушы болашақта осы іргелі ауылдың тізгінін ұстайтын үміткерді таңдады.
Ауылдағы ең алғашқы дауыс берушілер егістік алқапта еңбек етіп жатқан диқандар болыпты. Ертерек келген олар сайлау учаскесінің ашылуын күтіп, санитарлық талаптарға сай таңдауын жасап, жұмыстарына жөнеліпті.
Сайлау учаскесінің төрағасы Ілияс Анафияев саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне тұрғындардың сергек қарап отырғанын айтып өтті.
Осы күні облыс бойынша 313 байқаушы сайлау барысын бақылады. Солардың бірі – «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» қоғамдық бірлестігінің атынан қатысып отырған Мұрат Қаймолдаев. Ол таңнан бастап дауыс берушілер қатары үзілмегенін айтады.
– Таңдаудың ауыл экономикасына, оны дамытуға, елдің болашағына тікелей қатысы барын жақсы түсінген сайлаушылар науқаннан шет қалып жатқан жоқ. Әсіресе, жастардың белсенділігі қатты байқалады. Сайлау учаскесінде санитарлық талаптың сақталуына да қатты мән беріп, келушілерді сол талаптарға сай қабылдап жатқанына тәнті болдым, – дейді ол.
Батыр есімін иеленген ауылда жұмыссыз жүрген жан жоқтың қасы. Әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жергілікті іскер азаматтар қолдау көрсетіп отыр.
Дегенмен де осындағы екі мыңнан астам тұрғынның тұрмысын әлі де жақсартып, кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылар іс көп. Жергілікті тұрғындар үш үміткердің арасынан осы талап үдесінен шығып, ел сенімін арқалай алады деген азаматқа дауыс берді.
Қызылорда облысы
Референдум-2022 • Бүгін, 22:51
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Бүгін, 22:49
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Бүгін, 22:44
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 22:40
Экономика • Бүгін, 22:39
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Бүгін, 22:38
Референдум-2022 • Бүгін, 22:37
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Бүгін, 22:36
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Бүгін, 22:34
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Бүгін, 22:33
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Бүгін, 22:32
Медицина • Бүгін, 22:29
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Бүгін, 22:28
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Бүгін, 22:26
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 22:25
Аймақтар • Бүгін, 22:22
Аймақтар • Бүгін, 22:21
Өнер • Бүгін, 22:20
Өнер • Бүгін, 22:17
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Бүгін, 22:14
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Бүгін, 22:12
Аймақтар • Бүгін, 22:11
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Бүгін, 22:02
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Бүгін, 21:48
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Бүгін, 21:30
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Бүгін, 21:24
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Бүгін, 21:03
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Ұқсас жаңалықтар