Елорда • 26 Шілде, 2021

Қарағанды ​​фармацевтика кешені Нур-Сұлтанға 100 мың доза вакцина жөнелтті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені «Спутник В» препаратының екінші компонентінің 100 мыңнан астам дозасын астанаға жөнелтті, деп хабарлайды Egemen.kz фармацевтикалық кешеннің телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды ​​фармацевтика кешені Нур-Сұлтанға 100 мың доза вакцина жөнелтті

«Қазақстанда иммундау жоспарланған қарқынмен жүруде, өйткені вакциналар тапшы емес. Бүгінде Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені астанаға жүз мыңнан астам дозадан «Спутник В» препаратын ревакцинацияға жөнелтті. Ресейлік вакцинаның екінші компонентінің 103 085 дозасы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі», деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі күні елорданың 326699 тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды. 219488 адам вакцинацияның толық курсын аяқтады.

Қазақстанда жаппай вакцинация науқаны басталғалы бері 5145055 адам вирусқа қарсы препараттың бірінші компонентін алды. Екінші дозасын  3264705 азамат салдырды.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025