Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Қарауылтөбе ауылында тұратын Асылан Орахаев Жайық өзеніне суға кетіп бара жатқан досы Шыңғысты құтқарып қалды. Оқиғаны кездейсоқ көріп қалған ауыл тұрғыны болмаса, жасөспірімнің бұл ерлігін ешкім білмес еді.

Оқиға 19 шілде күні кешкі сағат 19.00 шамасында болған.
«Баламның достары Шыңғыс пен Жантуған келіп, Асыланды суға шомылуға ертіп әкетті. Әдеттегідей тереңге бармауын ескертіп, жібердім. Сол күні кеште үйге келгенде балам көп сөйлемей, тұйық отырды. Бірақ ештеңе айтқан жоқ. Болған жағдайды ата-аналардың whatsapp тобындағы аудиожазбадан ертеңіне бір-ақ білдім», дейді Асыланның анасы Баршагүл.
Жайық өзеніндегі оқиғаға сол маңда серуендеп жүрген ауыл тұрғыны Динара Шамұратқызы кездейсоқ куә болған.
«Қызым Ақмаржан екеуміз Жайықта шомылып жүргенбіз. Ауыл жақтан үш бала келіп, бізден алысырақ жерде суға түсе бастады. Асылан мен Жантуған – тоғызыншы сынып бітірген, ал Шыңғыс – бір сынып төмен оқитын бала. Бір кезде бір баланың көмек сұраған даусы шықты. Басында балалар ойнап жүрген шығар деп мән бермедік. Дауыс тағы шыққанда қарасақ, Шыңғыс өзеннің ортасында суға батып-шығып жүр екен. Сол кезде Асылан жүзіп барып, Шыңғысты құтқаруға талпынды. Екеуі су ортасында біресе суға батып кетеді, біресе су бетіне шығып, арпалысып жатыр. Бірнеше минуттан кейін Асылан Шыңғысты әрең дегенде су жағасына алып шықты. Су жұтып, әлсіреп қалған Шыңғыс өз-өзіне келген соң үшеуі ауылға беттеді. Асыланның батырлығына осылай куә болдым», дейді Динара.
Үш дос оқыс оқиғадан қатты шошып қалса керек. Өзен жағасынан ауылға дейін үнсіз келіпті. «Тереңге бармаңдар!» деген үлкендердің ескертпесін бұзғанын ешкім білмеуі үшін болған жайтты құпия қалдырған екен. Бірақ кездейсоқ куәгер Асыланның ерлігін жария етті.
«Баламды ажалдан құтқарған Асыланға, оның ата-анасына алғысым шексіз. Асыланның болашақта еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенімдімін!», дейді Шыңғыс Манарбекұлының анасы М.Көмешова.
«Біз Асылан оқитын мектептен, ауылдық округ әкімдігінен тиісті қағаздарды сұратып жатырмыз. Батыр бозбала департаменттің алғыс хатымен марапатталады», деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс қызметкері Анель Мұқанова.
Батыс Қазақстан облысының су айдындарында жыл басынан бері 22 адам суға кетіп қайтыс болған, оның 8-і – кәмелетке толмағандар.
Батыс Қазақстан облысы
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
IPO-ға қатысу халық үшін қолжетімді болуы қажет – Президент
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Пәтер тұрғындарын банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады
Қоғам • Бүгін, 13:20
БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 13:10
Жас теннисшілер ITF турнирінде жүлделі болды
Теннис • Бүгін, 12:53
Ауыл жастары құрған компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты
Қоғам • Бүгін, 12:45
«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қазақстан • Бүгін, 12:38
Мұнай бағасы 1 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 12:30
Алматыда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Үкімет • Бүгін, 12:12
«Канело»: Головкинді нокаутпен жеңемін
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 12:08
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Ұқсас жаңалықтар