Президент • 27 Шілде, 2021

Президент «KazRost Engineering Ltd.» кәсіпорнының жұмысымен танысты

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік «Ростсельмаш» компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында «KazRost Engineering Ltd.» кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда  сайтына сілтеме жасап.

Президент «KazRost Engineering Ltd.» кәсіпорнының жұмысымен танысты

Қазақстан Президенті Ақмола облысына жұмыс сапары барысында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын «KazRost Engineering Ltd.» кәсіпорнына барды.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн жасап шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам жұмыспен қамтылған.

цех

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 пайызға қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз», деді Президент.

цех