Коронавирус • 27 Шілде, 2021

Түркістан облысында жасырын той жасағандар анықталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында карантин режиміне қарамастан, жасырын той өткізетін тойханалар анықталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында жасырын той жасағандар анықталды

Қазығұрт АПБ қызметкерлері аудан көшелерінің бірінде орналасқан екі тойханада той болып жатқанын анықтады. Оның бірінде құдалық, екіншісінде үйлену тойы өткізілген. Екі тойдың бірінде 70-тен астам қонақ жиналса, ал бірінде 40-тан астам адам болған.

«Карантин талаптарын сақтамағаны үшін тойхана иесі мен екі тойдың иесінен ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша тиісті құжаттар жинақталып,  аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды», деп жазады Polisia.kz.