TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021

Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасының екінші кезеңін сәтсәз аяқтады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы жорығын аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасының екінші кезеңін сәтсәз аяқтады

ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық теннисші АТР рейтингінде 66-шы орында тұрған Беларусь спортшысы Илья Ивашкомен кездескен болатын. 

Екеуара матч 2 сағат 25 минутқа созылып, Кукушкин 1:2 есебімен қарсыласына ұтылды. 

Илья Ивашко қазақстандық қарсыласын 6:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. 

Осылайша, теннистен Қазақстан командасының тағы бір спортшысы Токио ойындарын мерзімінен бұрын аяқтады.