Жол-жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 27-29 шілде аралығында М3 көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай оң жақ бұрылыс съезінде, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақ бұрылыс съезінде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», деп жазады Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.