Коронавирус • 27 Шілде, 2021

Алматыда QazVac және SinoVac вакциналары қашан болады?

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев қашан QazVac және SinoVac вакциналарын келетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда QazVac және SinoVac вакциналары қашан болады?

«SinoVac алған көптеген адамдар оны ұнатты. Қазір үлкен сұраныс бар. Біз Денсаулық сақтау министрлігінен келіссөздер жүргізілгені туралы және жақын күндері бұл вакцинаның ел аумағына және Алматыға жеткізілетіндігі туралы ақпарат алдық. Ең көп дегенде екі-үш апта», деді спикер.

Оның айтуынша, Алматыға QazVac вакцинасының 3000 дозасын  екі-үш күн ішінде жеткізу жоспарланған. Ал Pfizer вакцинасы, шамамен, қазан айында қол жетімді болады.