Қарапайым халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында қазіргі кезде мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақының түрі көп. Оны түрлі санаттағы азаматтар алып та келеді. Мәселен, былтыр елімізде карантин болған кезде, табысынан айырылғандарға 42 500 теңгеден берілген еді. Сол сияқты көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға да мемлекет тиісінше көмек көрсетілуде. Алайда Жамбыл облысында көпбалалы әкелердің заңсыз жәрдемақы алып келгені анықталып отыр. Өңірде көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде, мемлекетке 14 млн теңгеден аса залал келгені белгілі болды.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға төленетін жәрдемақының орташа мөлшері 48 мың теңгені құрайды. Бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балалар басқа ата-анасының отбасында ескерілмеген болса, жиынтық балалар ескерілетінін жеткізді. Өз кезегінде аталған қағиданың 9-тармағына сәйкес, өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы өтінішін көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекенжайын растайды. Сонымен қатар Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұратын жері олардың тұрғылықты жері болып танылады екен.
Сондай-ақ Р.Төлебаев ерлі-зайыптылар арасында неке бұзылған жағдайда ата-анасының біреуімен балалардың бірге тұруы сот шешімімен расталатынын айтты. «Алайда бірнеше жәрдемақы алатын азамат өтінішінде балалары өзімен бірге тұрады деп көрсеткенімен, сот шешімімен олардың анасымен бірге тұратыны белгілі болған», дейді ол.
Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкіметтен» көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының ата-аналар арасынан тек әкесі тарапынан өтініш білдіргендер туралы ақпарат сұратылып, ол тізім бойынша қалалық сот шешімімен сәйкестендіріліп, қаралды.
«Бас тартылған қалған істер бойынша жәрдемақы алушылар артық төленген соманы ерікті түрде қайтаруға міндеттеліп отыр. Зерттеу барысында 27 төлем алушы бойынша 14 млн 337 мың 143 теңге көлемінде артық төлемді құрады. Артық төленген сомадан 150 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Көпбалалы отбасылар, әдетте, аз қамтылғандықтан, ақшалай қаражатты қайтаруды олар біртіндеп жүргізеді. Сондай-ақ тағы 38 төлем алушы бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде. Ал 18 төлем алушы ай сайын жәрдемақыны алу үшін, берген өтінімдерінде дұрыс емес ақпарат енгізу арқылы бірге тұратын балалар санын көбейткен. Аталған азаматтардың іс-әрекетінде алаяқтық белгілерінің байқалуына байланысты, шешім қабылдау үшін полиция департаментіне жолданды», дейді аталған департаменттің басқарма басшысы Дәурен Омаров.
Расында, бүгінде қоғамда балаларын алға салып, сол арқылы көлденең пайда тапқысы келетіндер қатары көбеюде. Бірақ заңды белден басып, оңай олжаға кенелудің ақыры осындай болып отыр. Мамандардың айтуынша, жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеліп соққан басты фактордың бірі – көрсетілетін қызмет стандартында «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерінің құжат қабылдау кезінде сот шешімін талап ету құқығының болмауы екен. Ал еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда 124 адамның ішінен 59 отбасы жәрдемақыны заңға сәйкес алып отыр.
«27 іс өтініш берушінің бірге тұратыны туралы жалған мәлімет ұсынуына байланысты бас тартылды. Оның ішінде 2 төлем алушы бойынша әкесімен бірге тұрмайтын балаларды есепке алмай, жәрдемақы мөлшерін азайту жағына қарай қайта есептеу туралы шешім қабылданды», дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Райхан Назарова.
Жамбыл облысы
Референдум-2022 • Бүгін, 22:51
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Бүгін, 22:49
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Бүгін, 22:44
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 22:40
Экономика • Бүгін, 22:39
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Бүгін, 22:38
Референдум-2022 • Бүгін, 22:37
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Бүгін, 22:36
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Бүгін, 22:34
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Бүгін, 22:33
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Бүгін, 22:32
Медицина • Бүгін, 22:29
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Бүгін, 22:28
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Бүгін, 22:26
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 22:25
Аймақтар • Бүгін, 22:22
Аймақтар • Бүгін, 22:21
Өнер • Бүгін, 22:20
Өнер • Бүгін, 22:17
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Бүгін, 22:14
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Бүгін, 22:12
Аймақтар • Бүгін, 22:11
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Бүгін, 22:02
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Бүгін, 21:48
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Бүгін, 21:30
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Бүгін, 21:24
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Бүгін, 21:03
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Ұқсас жаңалықтар