‒ Зүлфия бүгінгі жетістігіңе көңілің тола ма?
‒ Жетістігіме шүкіршілік етемін. 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін менде айтарлықтай жақсы нәтиже болған жоқ. Ең бастысы, жақсы эмоцияларды сезінетін кез келді. Расында, қуаныштымын.
‒ Серпе көтеруде үшінші мүмкіндігіңізді неге пайдаланбадыңыз?
‒ Себебі бәрібір қуып жете алмайтын едім. Жаттығу жиындарында 130 килоны алаңсыз көтеріп жүрдім. Бірақ ол кездегі салмағым 57 кило еді. Олимпиадада 2-3 килодай салмақ қуғаннан кейін нәтиже де төмендейтіні белгілі. Сондықтан тәуекелге барған жоқпын. Оның үстіне ол салмақтың маңызы да жоқ еді.
‒ Ал жұлқа көтеруде тапсырған салмағыңызды басыңыздан үш рет асырсаңыз да төрешілер бір ғана мүмкіндігіңізді есепке алды. Мұны немен түсіндіресіз?
‒ Ауыр атлетикада сәл ғана артық қимыл жасасаң, салмақты есепке алмайды. Төрешілердің есепке алмауына қолымды тік ұстамағаным, тепе-теңдікті сақтамағаным себеп болды.
‒ Пандемия сіздің жаттығуыңызға қаншалықты әсер етті?
‒ Өзіңіз көргендей барлығы жақсы өтті. Пандемия дайындығымызға айтарлықтай әсер еткен жоқ.
‒ Елге деген сәлеміңіз...
‒ Баршаңызға алғыс білдіремін. Үнемі жанымнан табылатын күйеуім мен бапкерлеріме рахмет. Бапкерлерім Виктор Ни, Бақыт Ахметовтерге алғысым шексіз. Жанкүйерлерге де ерекше ризашылығымды білдіремін.
‒ Париж Олимпиадасына қатысасыз ба?
‒ Қазір аздап демалу керек. Сонда барлығы белгілі болады. Негізі, 2024 жылы мен 30-дан асып кетеді екенмін. Ал ол жаста темір көтеру қиын болады. Сол себепті 2024 жылы Олимпиадаға қатыспайтын сияқтымын.