TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021

Токио-2020: Ислам Бозбаев екінші айналымда сүрінді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Токио-2020: Ислам Бозбаев екінші айналымда сүрінді

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол бірінші айналымда бразилиялық Рафаель Македомен кездесті. Отандасымыз қарсыласын небәрі 31 секундта «иппон» ұпайымен жеңіп, келесі айналымға шықты. 

Екінші айналымда әзірбайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, «вазар» ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов ұтып алған болатын.

Соңғы жаңалықтар