Өзіне бекітілген аумақта рейд жасап жүрген учаскелік полиция инспекторы Түркістан ҚПБ-ға хабарлама түсірді. Ол өзінің хабарламасында аулаларды аралап жүргенде жергілікті тұрғынның ауласында есірткіге ұқсас затты байқағанын жеткізді.
Ақпарат түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Осылайша, күдікті наркологиялық диспансердің есебінде тұратын жергілікті тұрғын болып шықты.
Ауласынан тәркіленген есірткі тектес 22 түп сот-сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде есірткінің сора екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді.