Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің Құрманғазы ауданындағы қызметкерлері Сафон ауылдық округінің аумағындағы 3 гектарға өсірілген есірткі алқабын анықтады.
«Есірткі алқабында 50 мың түп қарасора өсімдігі өсірілген. Бұл бейжай қарайтын жайт емес. Әсіресе, 20-35 жас аралығындағы жастардың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйткілді мәселеге айналып отыр. Құрманғазы ауданында есірткі өнімдерін сатуға қатысты 6 қылмыс тіркелген. Сол себептен, есірткі өнімдерін тамырымен жойып, контрабандалық қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді», дейді Шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Өмірбат Айтәлі.