Қарап отырсақ, ДСҰ мәліметтері бойынша, шамамен 350 миллион адам вирустық гепатиттің қандай да бір түрінен зардап шегеді екен. Бауыр аурулары шамамен бір жарым миллион адамның өмірін қияды – ВИЧ-инфекциясынан, малярия мен туберкулезден де жоғары көрсеткіш. Инфекция жұқтырғандардың шамамен 80 пайызы өздерінің қауіпті вирусты тасымалдап жүргендерін білмейді. Сондықтан бауыр аурулары туралы хабардар болу бүгінгі күні аса маңызды болып отыр. 28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні.

Ал цирроз ауруы кезінде бауыр тіндері бұзылады, бауырдың қалыпты тіндері тыртық тіндермен ауыстырылады, бауыр құрылымы бұзылады. Ағза өз өызметін дұрыс атқара алмай қалады. Осыған байланысты, бауыр циррозында дұрыс тамақтану, диета сақтау – пациентті қолдаудың маңызды компоненті болып табылады. Ол науқастың жағдайын жақсартып, асқынулардың алдын алады. Бұл туралы оқырмандарымызға гастроэнтеролог-дәрігер, жоғары санатты гепатолог, медицина ғылымдарының докторы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры Александр Нерсесов кеңес берді.
Бауыр циррозы кезінде дұрыс тамақтану келесідей қағидаларға негізделген:
Алкоголь ішімдігін ішуге қатаң тыйым салынады. Алкоголь - бауырдың басты жауы;
Өсімдік ақуызы жеңіл сіңеді, сондықтан үрме бұршақ, бұршақ және т.б. өсімдік ақуыздарын, сүт, құс, балық өнімдерін тұтынған дұрыс;
Адамның иммундық жүйесін нығайтатын жемістер мен көкөністерді пайдалану ұсынылады. Егер бұл ретте іш кеуіп кететін болса, онда диетаны түзету қажет;
Төзімділігі қанағаттанарлықтай болған жағдайда, сонымен қатар тәулігіне 2-3 кесеге дейін кофе ішуге болады;
Тамақтану арасындағы үзілістерді қысқарта отырып бөлшек тамаққа көшкен дұрыс, негізгі 3 реттік тамақты қабылдау (таңғы, түскі, кешкі ас) және арасында 3 рет жеңіл тамақтану (екінші таңғы ас, бесін ас, кеш ішілетін кешкі ас) дұрыс, өйткені жиі тамақтану асқазан-ішек жолдарына артық салмақ түсірмейді, бауыр мен өтке қоректік заттардың бөлінуіне жол беріп, олардың функциялары қалыпқа келеді.
Тұтынатын сұйықтықтың жеткілікті жалпы көлемі (тәулігіне 2-3 литрге дейін) қажет;
Тым майлы тамақтарды тұтынуға болмайды. Буға, суға пісірілген тамақтарды, бұқтырылған тағамдарды пайдаланған жөн;
Өнімдерді жылы күйінде ішу қажет, ас қорыту процесін бұзатын суық және ыстық тағамдарды тұтынбау керек.
Көкөніспен дайындалған жарма сорпаларын ішу;
майсыз және сіңірлі емес еттерді (жас сиыр, бұзау еті, майы аз қой еті, қоян немесе тауықтың ақ еті); қайнатылған, буға пісірілген немесе пісірілген майсыз балықты; усымалы және жартылай пісірілген ботқаларды (күріш, қарақұмық, сұлы жармасы) жеу;
Майлылығы төмен және қышқыл емес сүт өнімдерін тұтыну ұсынылады.
Цирроз – өте ауыр сырқат, ал дұрыс тамақтану ережелерін орындамау бауыр энцефалопатия (кома), өңеш пен асқазанның кеңейтілген тамырларынан қан кету; асцит, көк бауырдың өсуі және оның қызметінің жойылуы секілді асқынуларға әкеледі.
АЛМАТЫ
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар