Әлем • 28 Шілде, 2021

Қытайда өрмекшінің жаңа түрлері табылды

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстік-батысындағы қорықта өрмекшілердің 10 жаңа түрі және бұрын ғылымда кездеспеген өсімдіктердің бір түрі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда өрмекшінің жаңа түрлері табылды

Фото: Barcroft media / Getty

Бұл жаңалық 2018 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Фанджигшан тауы аймағында анықталған. 

Зерттеушілер сонымен қатар осы аймақта бұрын белгісіз болған 144 тірі тіршілік иелерін тапты. «Осылайша осында тіршілік ететін түрлердің жалпы саны 7152-ден 7307-ге дейін өсті», дейді  Синьхуа агенттігі. 

Фанджигшан тауы өзінің топографиясы мен биоалуантүрлілігінің арқасында ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.