Коронавирус • 29 Шілде, 2021

Тағы бір инфекциялық стационар ашылды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы қалалық аурухана өз жұмысын тоқтатып, шілденің 28-інен бастап инфекциялық стационар қызметін атқарады.

Тағы бір инфекциялық стационар ашылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығы­мен мұнда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 280 төсектік орын қойылған. Мұның сыртында, 20 орындық жансақтау бөлімі жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласының басшы­лығы мұндай шұғыл шешім­нің қабылдану себебі өңірдегі эпиде­миялық ахуалдың ушығып бара жатқанымен байланысты деп түсіндірді. Соңғы тәулік ішінде облыста 209 адамнан COVID-19 диагнозы анықталған. Мамандар індеттің таралу қарқыны бір тәулік­тің ішінде 1%-ға артты деп отыр.

27 шілде күні сағат 14.00-де қалалық аурухана мен аурухана жанын­дағы жарақат пункті жабылып, науқастарды шұғыл және жоспарлы қабылдауын тоқтатты. Бұдан былай науқастар облыстық ауруханада ем алады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала­лық ауруханада жатқан науқастарды денсаулық жағдайына қарай үйіне шығару немесе облыстық аурухана ғимаратына ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Қостанай облысы