Кино • 29 Шілде, 2021

Қорықшылар туралы фильм түсіріледі

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа кинотуынды Қостанай облысындағы Науырзым қорығында түсірілмек. Қорық директоры Дулат Қойлыбаевтың айтуынша, елімізде тұңғыш рет түсірілгелі отырған жаңа туындыға өмірін табиғат байлығын қорғау жолына арнаған қарапайым жандардың қажырлы еңбегі мен ерлігі арқау болады.

Қорықшылар туралы фильм түсіріледі

– Білуімше, қазір киноны түсіруге дайындық жүріп жатыр. Фильмнің режиссері әрі сценарийін жазған – Максим Акпаров. Жалпы, қорықшының әр күні қауіпке толы десек бо­лады. Сондықтан шытырман оқиғаға толы бұл фильм көрермендерін, әсіресе, жас­тарды баурап алады деп үміт­тенеміз. Науырзым қоры­ғында осыдан бір-екі жыл бұ­рын қызмет бабында жүріп екі қо­рықшымыз қаза тапты. Тү­сірілімі таяу күндері бас­та­лайын деп отырған кино­фильм­ді сол кісілердің рухына қойылған ескерткіш деп қабылдасақ, артық болмайды, – деді Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының директоры.

Мемлекеттік тапсырыс­пен түсірілгелі отырған жаңа туындыға Ресей халық әртісі Сергей Гармаш, өзбекстандық Сейдолла Молдаханов және Дәурен Серғазин, Жәнел Ма­қажанова, Нышанбек Жұ­банов, Ержан Түсіпов, Төлеп­берген Бай­­сақалов сынды елі­мізге танымал кино жұл­дыз­дары ша­қырылыпты. Олар­дан І.Омаров атындағы Қостанай қазақ театры­ның әртістері де қалыс қалмаған.

– Әріптестерім Азамат Чу­кеев, Төленді Әлқожа, Қуа­ныш Маратұлы, Нұрлыбек Кенжах­метовтер кастингтен кедергісіз өтті. Олардың қатарында мен де бармын. Бұл – елімізде түсі­рілейін деп отырған қорық­шы­лар туралы тұңғыш фильм, сондықтан біздің ұжым үшін үлкен тәжірибе мектебі болмақ, – деді театр директоры Әлімхан Мырзахан.

Киноны түсіру жұмыстары 8 тамызда басталады.

Қостанай облысы