Қоғам • 29 Шілде, 2021

Жол-көлік оқиғасы қай маусымда жиі болады?

791 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың ішінде 13 515 жол-көлік оқиғасы болған. Жол апаты күзде жиі болады, жазда және қыста - сирек. Ал көктем айларында аз тіркелген. Бұл туралы Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы қай маусымда жиі болады?

Статситкаға сүйенсек, күз айларында жол апаты жиі тіркеледі. Жалпы тіркелген апаттың 31,4%-ы осы мезгілге тән. Ал жазда - 26,7%, қыста -  24,4%, көктемде жол-көлік оқиғасының 17,5%-ы болған.

Былтыр ең апатты ай болып қыркүйек саналған. 1471 жол-көлік оқиғасы осы айда тіркелген. Бұл 2020 жылғы болған барлық жол апатының 11%-ы.

Ең аз ЖКО сәуірде тіркелген  – 442 оқиға (былтыр болған барлық апаттардың 3% құрайды).

Статистика бойынша, аптаның ең қауіпті күні - дүйсенбі. Бұл күні 2008 жол апаты тіркелген. Бұл барлық ЖКО-ның 15%-ын құрайды.