Спорт • 29 Шілде, 2021

«Ақтөбенің» бас бапкері ауысты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей маманы Владимир Мұқанов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болып қайта тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

«Ақтөбенің» бас бапкері ауысты

67 жастағы Мәскеу облысының тумасы 1992 жылдан бері бапкерлік қызметті кәсіп етуде. Әр жылдары ол Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Сатурн» (Раменское), «Лада-Симбирск» (Тольятти), «Фабус» (Бронниц), «Черноморец» (Новороссиск), «Факел» (Воронеж), «Химки» (Химки) және Латвияның «Металлургын» (Лиепая) жаттықтырды.

Десек те өзінің ең табысты жылдарын Мұқанов Қазақстанда өткізді. Айтулы маман Қостанайдың «Тобыл», Астананың «Жеңіс» және Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының бас бапкері болды. 2006-2012 жылдар аралығында ол «Ақтөбенің» тізгінін ұстады. Дәл сол кездері айтулы ұжым елішілік жарыстарда орасан зор табысқа қол жеткізді. Одан кейін де Мұқанов Қазақстанға қайта оралды.

Қазіргі кезде «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатында сәтсіз өнер көрсетуде. 19 турдан кейін 23 ұпайды иеленген олар жарыс кестесінде 10 орынды иеленуде. Бұл жағдайға қанағаттанбаған команда басшылары қайта  Владимир Мұқановтың көмегіне жүгінуге мәжбүр болып отыр.