Өнер • 29 Шілде, 2021

«Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов пен Жапония режиссері Лиза Такэба  бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты, деп жазады Egemen.kz «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

«Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты

Фото "Қазақфильмнен"

Кинотуындының продюсері Юлия Кимнің айтуынша, картина Францияның 21 қаласында көрсетіледі. Бүгін Париждегі Espace Saint Michel кинотеатрында фильмнің арнайы көрсетілімі өтеді.

«Осы бір жарым жыл ішінде қаншама төгілген тер, атқарылған жұмыс жатыр. Пандемияға байланысты Франциядағы тұсаукесер үш мәрте кейінге шегерілді. Дегенмен, қиындыққа қарамастан үмітіміз үзілмеді. Фильмнің түсіру тобы мен актерлерімізді осы қуанышпен құттықтаймын»,деп жазды продюсер өзінің Facebook-тегі парақшасында.

1

Естеріңізге сала кетсек, өндірісіне «Қазақфильм» және жапондық Tokyo New Cinema компаниясы атсалысқан фильм Олжас есімді 12 жастағы бала туралы. Оның әкесі барымташылардың қолынан қаза тапқан.

Фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова (Қазақстан), танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда, Мәди Минайдаров және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. 

Айта кетейік, «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі алғаш  2019 жылы халықаралық Бусан кинофестивалінде көрсетілген болатын. Былтыр Жапонияда прокатқа шыққан. Ал Қазақстанда  сантиарлық-эпидемиялық ахуал жақсарғанда прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.