Елорда • 29 Шілде, 2021

Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Муралда Мәңгілік Ел идеясы бейнеленген, ол Қазақ радиосының ғасырлық тарихи эволюциясымен ұштасқан, деп жазады Egemen.kz.

Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды

Стрит-арт жоба радиоарнаның директоры Дулат Абибуллаев пен елорда әкімдігінің бастамасымен, сондай-ақ қалалық урбанистика орталығының көмегімен жүзеге асырылды, деп жазады қала әкімінің ресми сайты.

«Қазақ радиосының 100 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында биыл бірқатар қоғамдық-мәдени шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, Нұр-Сұлтанда біздің радионың редакциясының жанындағы көшелердің бірі «Қазақ радиосы көшесі» деп аталды. БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 1 қазанды - Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынды. Дәл осы күні, осыдан 100 жыл бұрын Қазақ радиосы өзінің хабар таратуын бастады. Ардагерлер мен радио қызметкерлері бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдады.

Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне, Есіл ауданының әкімдігіне және қалалық урбанистика орталығына зор алғысымды айтқым келеді. Бұл жер радио сүйер қауым мен қала тұрғындары үшін тағы бір айшықты орындардың бірі болады деген үміттемін», деді «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы - «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев.

Мурал Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан.

1