Экономика • 30 Шілде, 2021

Индустриялық аймақтың игілігі

256 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Экономикалық тұрғыда еліміздің басты доноры – Алматы пандемия мен қуаңшылық жағдайында өз тұрғындарын асырауға қаншалықты қауқарлы? «Қыстың қамын жаз ойла» қағидатына сүйенген Алматының индустриялық аймағында азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарын шығару үшін нақты қандай әрекеттер жүргізіліп отыр? Мәселен, Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында Индустриялық аймақта 8 жаңа жобаны енгізу туралы шешім қабылданды.

Индустриялық аймақтың игілігі

Мүмкіндігі мол жобалар

Алдымен Алматы индус­трия­лық аймағының жал­пы ауданы 490 гектарды құрайтынын, оның 326 гектары пайдалы ай­мақ­қа жататынын айта кету керек. Инфрақұрылымға тағы 164 га жер бөлінген. Бүгінгі таңда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 251,5 гектар жер бе­ріл­се, 74,5 гектары әзірге бос тұр.

Құрылысы биыл басталған «Biotech Karal» компаниясы – үй жан­уар­лары­на арналған биотамақты қос­палар мен тыңайт­қыш­тар өн­ді­ретін алғаш­қы за­уыт­тың бірі. Бірін­ші кезеңі 2022 жылы аяқталады. Құрылыстың екінші кезеңін 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның құны 850 млн теңгені құрайды. Зауыт 130 жаңа жұмыс орнын ашады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6,7 млн литр дайын өнім шығаруды көздейді.

Ал екінші «Lemonadoff Food» зауыты жылына 15 млн литр көлемінде алкогольсіз сусын шығара отырып, 50 жұмыс орнын жасақтауы тиіс. Жоба құны 316 млн теңгені құрайды.

Үшінші нысан – «Сартай Энерго Сервис» автоклавты газблоктар мен құ­ры­лыс материалдарын шығаратын за­уыт құрылысы. Бұл компания «K7 Group» холдингінің құрамына кіреді әрі Батыс Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының өкілі. Алматыдағы зауыт алюминий витраждарын, пластикалық терезелерді, автоклавты газблоктарды, витраждарды шығарады.

Ұсынылған зауыттар тізі­мін­де «ABM Building 2007» де бар. Мұнда кабельдік-өткізгіш өнім шығарылады.

Индустриялық аймақта 2023 жылға қа­рай металл құ­ры­­лым­дары мен по­ли­­­эти­лен құбырларын шы­ға­ра­тын «Бұрған-2005» өнер­кә­сіптік ке­ше­ні са­лы­­­нады. Қазіргі уақыт­та компания қа­зан­­дық, турби­на­лық, электр тех­ни­ка­лық, хи­миялық жаб­дықтарға, ба­қылау жү­йе­сіне, ава­рия­ға қарсы қор­ғауға қызмет көр­се­­ту­мен қатар, құ­ры­лыс ма­териал­­дарын өндіру, көтергіш және қор­шау конструкцияларын салумен айналысады. Алматы индустриялық аймағында компания ме­талл құры­лым­дары мен полиэтилен құ­быр фитингтерін шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2 млрд теңгені құрайды. 90-ға жуық жұмыс орны ашылады.

 

Азық-түлік бағасын аспандатпау шаралары

Шілденің алғашқы аптасында тұты­ну бағаларының индексі 0,4%-ға төмен­де­гені байқалды, бұл қала позициясын 4 тармаққа (5-тен 9-ға) төмендетуге мүм­кін­дік берді. Бұл көрсеткішке жету оңай болған жоқ. Жедел және стратегиялық шаралар қабылдауға көп күш салынды. Осы мақсатқа шамамен 8 млрд теңге бөлінгенін айтсақ та жеткілікті. Мы­салы, Magnum Cash & Carry ЖШС-ға 12 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жылдың соңына дейін белгіленген бағамен алуға және ұйымдастыруға 3,1 млрд теңге бөлінді.

Қараша айына дейін 10 әлеу­меттік маңызды азық-түлік­тің ба­ға­сын ұстап тұру үшін «Той­март» сауда желісі 245 млн теңгені осы мақсатқа пайдаланады.

1 млрд теңге – 23,8 мың тонна нан­ды белгіленген нақты баға­сы­мен жет­кі­з­у үшін Ақсай «ХБК» ЖШС-на осы жылдың желтоқсан айына дейін берілді. 800 млн теңге «Алсад Қазақстан» ЖШС-на 49,6 млн жұмыртқаны 3 жыл бойы белгіленген бағасы 400 теңгеден қамтамасыз етіп отыруы үшін бөлінді. Union Products ЖШС-на 250 млн теңге 2 730 тонна ет өнімін (1365 тонна сиыр еті мен тауық еті) 132 дүкенге белгіленген баға бойынша (2050 – сиыр еті, 782 тг – тауық еті) 2022 жылдың наурызы­на дейін жеткізуі үшін берілді.

«Асыл Meat» ЖШС-ның 6 фирмалық дүкендеріне 2022 жылдың маусымына дейін килосы 2050 теңгеден 90,5 тонна сиыр етін жеткізіп отыруы үшін 88 млн теңге алды. Бұлардан бөлек, 255 тг/кг-нан 5 мың тонна қант жеткізу үшін ірі қант өндіруші – «Меркі қант зауытына» «айналым» заемын беру пысықталып жатыр.

Қаланың жеті негізгі азық-тү­лік база­рында «Әлеуметтік дү­кендер» жұмыс істейді. Бұл базар­ларда күнделікті қа­жет­ті азық-түлік нарықтық бағадан тө­мен бағамен сатылады.

Биыл Алматы қаласы мен Алматы облысы өңіраралық кооперация өзара мәмілеге келген болатын. Алматы облысына сапардың арқасында «JLC Сүт» ЖШС-мен «Магнум» сауда желісіне сүт, сүзбе өнім­дерін жеткізу жөнінде келісім жа­сал­­ды. Сонымен қатар Naz-Dana ШҚ Small және Toimart сауда желілеріне 1 тонна пияз жеткізеді. «Алатау құс» компаниясынан килосы 820 теңгеден аспайтын 1200 тонна тауық етін сатып алуға өнім жеткізу үшін 1 жылға 1 млрд теңге сомасына «айналым» қарызын беру мәселесі қаралып жатыр.

Сонымен қатар, картоп пен сәбіз ба­ға­сының өсуіне байланыс­ты жедел түрде Түркістан об­лы­сынан көкөністерді тікелей жет­кізу мәселесі шешілді. Бұл кар­топқа көтерме бағаны 260 тг/кг-нан 125 тг/кг-ға дейін, сәбізге 450 тг/кг-нан 200 тг/кг-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Болашақта нарықтың толығуына бай­ланысты бағаны төмендету үрдісі сақталады.

2021-2022 жылдары маусым­ара­лық кезеңде «Магнум» және басқа да сауда желілерінде сату үшін 2,5 млрд теңгеге 22 мың тон­на көкөністі сатып алуға «фор­вард­тық» келісім жасалды.

 

АЛМАТЫ