Аймақтар • 31 Шілде, 2021

Атырауда әкімдіктер Аshyq жобасымен жұмыс істейді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімдіктері Ashyq жобасымен жұмыс істеуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда әкімдіктер Аshyq жобасымен жұмыс істейді

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 сәуірден бері Ashyq бағдарламасына кәсіпкерлер тарапынан 812 өтініш түскен. Оның ішінде 781 нысанға QR-код берілді. Келушілерді тіркемегені үшін 13 нысан бағдарламадан екі аптаға шығарылды. Ал, 577 кәсіпкерлік нысаны тесттік режимінен өткен.

Енді облыстық әкімдікке қызметкерлер мен келушілер Аshyq бағдарламасын қолданып, короновирусқа қатысты мәртебесін көрсету арқылы кіре алады.

«Бұл талап Атырау қалалық, аудандық және ауылдық округ әкімдіктерінде де жүзеге асырылады. Мақсат – адамдардың саулығын сақтап, қауіпісздігін қамтамасыз ету. Өйткені, «қызыл аймақтағы» өңірде коронавирус инфекциясы өршіп, эпидемиялық ахуал күрделеніп барады», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.