Қазақстан • 01 Тамыз, 2021

Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймаққа енді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймаққа енді

Ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Айта кетейік, Түркістан облысы осыған дейін бірнеше күн қатарынан «сары» аймақта болып келген еді.