Аймақтар • 01 Тамыз, 2021

Ішімдік ішкендерге жаза қатал

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыстағы ОВ-156/16 мекемесінде көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған азаматтардың 42-сі темір торда жазаларын өтеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішімдік ішкендерге жаза қатал

Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған азаматтар алкогольден, есірткіден масаң күйде көлік тізгініне отырып, ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотталған.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта қылмыстық істер жүргізіліп жатқан 12 адам ОВ-156/1 мекемесіне (тергеу изоляторына) қамалды.

– Ішімдік ішіп, рөлге отырған адам өз өмірін ғана қатерге тікпейді, өзгелерге де қауіп төндіреді. Ішімдік ішпес бұрын, осыны ойлансаңыздар ғой. Айта кету керек, бұл қылмыс үшін заң алдында қатаң жазалау қарастырылған, – дейді ОВ-156/1 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет капитаны Ж. Сейтқазинов.