Спорт • 01 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда қатарынан екінші жыл ATP турнирі өтеді

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда қатарынан екінші жыл ATP турнирі өтеді

Оның сөзінше, биыл Нұр-Сұлтанда ATP 250 сериясындағы турнир өтеді. Болжамды уақыты - 20 қыркүйек. ATP-мен ауызша келісім бар. Оған Бублик, Кукушкин, Голубев, Недовесов секілді қазақстандық теннисшілер қатысады.

Еске салайық, былтыр күзде Нұр-Сұлтанда алғаш рет осындай турнир өткен болатын.