Медицина • 01 Тамыз, 2021

Мегаполистің медициналық мүмкіндігі

408 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Елорданың медициналық әлеуеті жылдан-жылға жаңарып, дамып келе жатқанын қызмет сапасының жақсара түскенінен, мамандардың біліктілігі артқанынан аңғаруға болады. Бас ауырып, балтыр сыздағанда барар жер, басар тауымыз емхана екені белгілі. Бас қалада медициналық тұрғыдан ілкімді істер атқарылып келе жатқаны көңіл марқайтып, көз қуантады. Әлемді әбігерге салған індет елімізді де айналып өтпеді. Дегенмен, денсаулық сақтау саласы мамандарының елеулі еңбегінің нәтижесінде қаншама адам күрделі дертпен күресіп, жеңіп шықты.

Мегаполистің медициналық мүмкіндігі

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратұлы осы орайда жү­­йелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жа­сырмады.

«Егер медициналық инфрақұры­лым­ды 1998 жылмен салыстырсақ, әрине, бү­гінде біз үлкен айырмашылықты кө­ріп отырмыз. 90-жылдар аяғындағы инфра­құрылым заманауи күндерімізге еш сәйкес келмейтін еді. Қазір елорда халқы 1,2 млн-нан астам адамды құ­райды. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы 50-60 мың адамға өседі, оның табиғи туу коэффициенті жылына 30 мың нәрестеден асады. Бұл да уақытылы іс-әрекетті талап ететін өте жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты 2018 жылы Денсаулық сақтау министрлігі республиканың денсаулық сақтау желісін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын қабылдады. Қалада бұрын-соңды болмаған көптеген республикалық ұйымдар ашылды және олардың негізінде бүгінде бірегей медициналық технологиялар енгізілуде. Тиісінше, елордалық денсаулық сақтау жүйесі қала мәртебесі­не сай дамып келеді. Біз денсаулық сақ­тау ұйымдарының сыртқы келбетін де, ішкі құрылымын да біртіндеп өзгертіп келеміз. Қызмет көрсетуді жақсартуға және қонақжайлылық стандарттарын («Қонажайлы медицина») – пациент­терге бағдарлауға бет бұрамыз. Жуырда ел Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан «Салауатты Астана» ЖШС жанындағы жаңа емханаға барсаңыз, оның енді медициналық мекеме емес, қонақ үйге ұқсайтынын байқаған боларсыз. Біз үнемі жоғары деңгейге ұмтыламыз – бұл пациенттердің назарын аудару», деді басқарма басшысы.

Адам денсаулығын бәрінен биік қоя­тын ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі елге аян. Дей тұрғанмен, сапалы қызмет көрсету үшін медициналық мекемелердің жаңа, жайлы болғаны ма­ңызды. Қоғамдық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Т.Мұратұлы жаңа ғимараттарға да тоқталып өтті.

«Мысал үшін, айтып отырған жаңа жеке клиника мемлекеттік медицина­лық емхананың ауыртпалығын айтарлық­тай жеңілдетеді. Елорданың қарқынды дамып келе жатқан урбанизациялық аудан­дарының бірі Есіл ауданында орна­ласқан. Аудан тұрғындарының көп­шілігі бекітілген №9 мемлекеттік емхана қазірдің өзінде шамадан тыс жүк­телген. Жеке мекеме «Жағалау» ша­ғын ауданының тұрғындарын қам­тиды. Жеке инвестордың 7 мың шаршы метрлік стандартты емхана салуға бас­тамашы болғаны қуантады. Бұл амбу­ла­то­риялық-емханалық көмектің то­­лық циклі бар толыққанды емхана ре­тінде жұмыс істейді. Сондай-ақ ал­ғаш­қы медициналық-санитарлық кө­­­мек көрсетуге дайын, оның ішінде оңал­­­туға қажетті жабдықтар бар. Бір ауы­сымда 500 пациентті қабылдауға есеп­телген. Қалада тағы осындай 3 емхана бар, бұлар болашақта қаланың әр түк­пірінде орналасатын болады. Туу­дың жоғары деңгейі мен халықтың қа­лаға тұрақты көші-қонын ескере отырып, алдағы жылдары мұнда тағы 250 төсектік орын перзентхана салынады. Оның дизайны қазірдің өзінде аяқталды. №1 Перинаталдық орталық көпсала­лы қалалық аурухананың құрамында қыз­мет ететін болады. Сондай-ақ «Астана» меди­ци­налық университеті құрамында 800 орын­ға арналған біріккен аурухана салы­нады», деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысы елімізде моральдық, физикалық және техникалық жағынан ескірген теміржол ауруханасы бар екенін тілге тиек етіп, оның орнына жаңа университет клиникасы салынатынын жеткізді.

«Теміржол ауруханасына келетін бол­сақ, оны қалпына келтіруге немесе орнына жаңа ғимарат салуға болатын­ды­ғы туралы белгілі бір техникалық зерттеулер жүргізіледі. Соңғы жылдары ел­ордада көпсалалы ауруханалар дамып келеді. Қазақстанда мұндай тәжірибені енгізу тренд немесе жаңашылдық емес. Барлық дамыған елдердегі денсаулық сақтау жүйесі осы үрдісте жұмыс істейді. Медицинадағы бұл тәжірибе өзін өзі толығымен ақтайды. Екінші қалалық аурухана мен оның сол жағалауында­ғы перинаталдық орталық арасында жа­ңа қабылдау бөлімі арасында өткел са­лы­нады. Әдетте науқас ауруханаға бір проб­лемамен келмейді. Сондықтан, бар­­лық мамандандырылған мамандар бір ғимаратта болғаны өте ыңғайлы. Әмбебаптық – бұл тағы да пациентке көмек көрсетуде назар мен ықылас. Қазір біздің қалада 4 көпсалалы медициналық орталық жұмыс істейді. Бұл №1, №2, №3 көпсалалы қалалық ауруханалар жә­не қазір көпсалалы қызмет көрсететін көпсалалы медициналық орталық», деді Т.Мұратұлы.

 

Пандемия медицина саласына сынақ болды

Өткен аптада Ұлттық нейрохирургия орталығында Швецияда шығарылған бірегей медициналық кешен «Гамма Пышақ» іске қосылды. Ол нейрохирургияда ең күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Бұл мидың терең ісіктері, мидың тамырлы және функцио­налды аурулары кезінде наркозсыз жұ­мыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі за­манғы қуатты деген технологиялық машиналардың бірі. Қазақстан осындай жоғары технологиялық жабдықтарға ие болып отырған ТМД-дағы үшінші және Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Операцияның өзі ауыртпалықсыз өтеді және краниотомияны қажет етпейді. Операция бір реттік: оны сәулелік терапия сияқты бірнеше кезеңде жүргізудің қажеті жоқ. Қазақстандықтар мұндай ем-домды квотаға сәйкес ақысыз ала ала­тындығы назар аудартады. Бұрын науқастарды шетелге қымбат емделуге жіберуге тура келетін.

«Бүгінде қалалық денсаулық сақтау­ды ғана емес, пациенттердің өз денсаулығы­на деген жауапкершілігін дамыту қажет. ­Біз саламатты өмір салтын енгізуді үйре­ніп, ауырмауға тырысуымыз керек. Өйт­кені ең алдымен өз денсаулығымыз өзіміз­ге керек. Медициналық сарапшылар адам денсаулығының тек 20%-ы денсау­лық сақтау жүйесіне және барлық клиника­лық дәрі-дәрмектерге байланысты деп санайды. Жүрек-өкпе аппаратын ойлап тапқан Николай Амосов «дәрігер ауруларды емдейді, бірақ денсаулықты өзі табуы керек» деген. Астарыңда бір шындық бар емес пе?», деді басқарма басшысы.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пандемия басталғалы бері қаланың денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай жаңғыртудан өткенін, жедел жәрдем машиналарының паркі толық жасақталғанын, 200 төсектік қалалық инфекциялық орталықтың ғима­раты пайдалануға берілгенін мәлімдеді.

«Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің 350-ден ас­там түлегі COVID-19-ға қарсы күрес бойын­ша жұмысқа тартылды, медициналық са­ланың кадрлық құрамын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 500 грант бөлінді. Жедел жәрдем машиналарының паркі 107 бірлікке толықты және біз оны 100% жабдықтадық. Жаңа ғимарат – 200 төсектік қалалық жұқпалы аурулар орталығы пайдалануға берілді», деді қала әкімі.

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек – амбулаториялық қызметтер мен емханалардың жұмы­сы жаңғыртылды. Бұл шаралар ауруха­налардағы жүктемені азайтуға көмектесті.

«Қазір науқастар үйде емделуде, дә­рі-дәрмектер тегін тасымалданады. Қа­шықтан емдеу ұйымдастырылды. Сон­дай-ақ резервтен жаңғырту жұмыстары мен медициналық жабдықтар сатып алу үшін қаражат бөлінеді. Оның ішін­де қосымша оттегі резервуарлары, өк­пені жасанды желдету аппараттары, рент­ген, компьютерлік томограф аппа­раттары сатып алынды. Қазір бұл біз­дің мамандарымызға айтарлықтай көмек­тесіп жатыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің жалақысы едәуір артты», деді А.Көлгінов.

Пандемия басталғалы бері Нұр-Сұл­танда зертханалар саны 2-ден 27-ге дейін арт­ты. Қазір тәулігіне 13 мыңға дейін ПТР-тест өткізуге болады. Бұл шаралар КВИ ауруының алдын алуға және науқастар қатарын анықтауды арттыруға мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде уақтылы емдеуге әсер етеді.

«Қазір тұрғындар арасында вакци­налау белсенді жүргізілуде. Бірінші ке­зекте өздері келіп, вакциналанған жан­дарға алғыс айтқым келеді. Бұл қосымша ұжым­дық иммунитетті қалыптастырады және азаматтардың өзін және өзгелерді қорғайды. Бүгінге дейін 100-ден астам вакциналау пунктін аштық: барлық емхана, жеке және мемлекеттік амбулатория­лық қызметтер күн сайын жұмыс істейді. Сондай-ақ біз ірі сауда орталықтарында вак­циналау пункттерін аштық. Осы сау­да нысандарының кәсіпкерлеріне, бас­шы­ларына, құрылтайшыларына алғыс айт­қым келеді. Бұл бізге көп көмекте­сіп жатыр», деп атап өтті А.Көлгінов.