«Жүзден жүйрік шығады» деген халқымыздың үмітін үкілеп, Олимпиадаға қосқан жүзге жуық спортшымыздың арасынан әзірге Қазақ елінің Әнұранын шырқататын бір жүйріктің табылмай тұрғаны қазақстандықтардың жанына қатты батып, үмітіміз үзілуге шақ тұрғанын қалай жасырайық?! Сенім артқан спортшыларымыздың дені неліктен алғашқы сындарда-ақ сүрініп жатыр? Сұрақ көп, бірақ әзірге қисынды жауабы жоқ.

Қысқасы, қазақ спортшыларына жөнді жүлде бұйырмай, Токио Олимпиадасы түңілдіріп тұр. Қоланы қоңылтақсып отырған жайымыз жоқ, десе де қанша қола болса да, оның құны алтын түгіл, күмістің ширегіне келмейтіні белгілі. Түрікменстан құрамасының жалғыз күміс медальмен Қазақстаннан жеті саты жоғары орналасқандығы – осының айғағы. «Құм жиылып тас болмас» демекші, қаншама қола жиналғанымен, оның алтынға жетпейтіні тағы анық. Ендеше, бізге алтын медаль ауадай қажет.
Бұрын-соңды Қазақстан құрамасы қатысқан Олимпиадаларында елдің Әнұранын асқақтата шырқатып келді. Атланта, Сидней, Лондон, Рио Олимпиадаларында 3 алтын медальдың арқасында Әнұран үш мәртеден шырқалды. Тек Бейжің Олимпиадасында ғана 2 алтынға ие болдық, 4 күміс пен 7 қола медальды айтпағанда.
Рас, Токиодағы түңілдірген сәтті бұрын да бір мәрте бастан кешкен едік. Афина Олимпиадасында. 2004 жылы. Бұл жағдай он алты жылдан кейін қайталанады деп кім ойлаған?! Абырой болғанда, Олимпиаданың соңғы жарыс күні боксшы Бақтияр Артаев жеңіс тұғырына көтеріліп, елдің Әнұраны Афинада да шырқалды. Сөйтіп Қазақстан 1 алтын, 4 күміс, 3 қола еншілеп, жалпы есепте 40-шы орын алған еді.
Күн сайын қазақстандық олимпиадашылар қатысатын жарыстарды Олимпиада қалашығының баспасөз орталығында кірпік қақпай қадағалап, қазақ жанкүйерлерінен сүйінші сұрайтын сәтті тағатсыздана күтіп отырамыз. Қоржындарына құнды медальдар сауылдап түсіп жатқан басқа елдердің журналистеріне қызыға қараймыз. Ал біздің спортшылардың қарқыны көңіл көншітпейді, үміт үзілгелі тұр. Сөздің қысқасы, осы Олимпиадада алтын алсақ (бар тілеуіміз де осы) та, алмасақ (оның бетін ары қылсын) та, ел спортының барлық саласын сүзгіден өткізіп, сапа мен санның аражігін ажырататын, сәтсіздіктердің сырын ашатын бір терең талдау жасалуы қажет деп ойлаймыз.
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:30
ШЫҰ мүше-мемлекеттері Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары кездесті
Қоғам • Бүгін, 20:43
Қазақстан Президенті Ресей басшысымен келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 20:12
ТМД саммиті қазан айында өтеді
Президент • Бүгін, 19:56
Қ.Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің болашағына қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ
Президент • Бүгін, 19:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 19:22
«Қарағанды-Балқаш» тас жолындағы айналма жолдардың саны 94%-ға азайды
Аймақтар • Бүгін, 18:55
«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды
Футбол • Бүгін, 18:25
«AMANAT» шенеуніктерді жауапкершілікке тартады
Қоғам • Бүгін, 18:07
Велосипед мінген баланың кесірінен екі көлік соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 17:50
СҚО-да жеті айда 464 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Алматыда қала құрылысының кеңесі құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды
Президент • Бүгін, 17:07
Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы 10 миллиард теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 16:57
Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:40
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін
Білім • Бүгін, 16:09
Оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады
Білім • Бүгін, 15:58
Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелді
Елорда • Бүгін, 15:35
Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 15:21
«Болашақ» тағылымдамасына құжат қабылдау қашан басталады
Білім • Бүгін, 15:09
Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Нұр-Сұлтанда мектеп салынатын учаскелер белгіленді
Елорда • Бүгін, 14:38
Қазақстанның екі қаласынан Вьетнамға әуе рейстері қатынайды
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Атырау облысында әскери қызметші көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Білім • Бүгін, 13:52
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 13:38
Алматыда алаяқтық дерегіне қатысты күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:23
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 12:51
Жер кадастры базасының жұмысы толық қалпына келтірілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:12
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Бүгін, 11:58
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 11:48
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 11:16
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 10:59
Семейде есірткі сатқан студенттер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:43
Балқаш маңында жаңа күн электр станциясы салынды
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Ұқсас жаңалықтар