Жөндеу жұмыстары 2-4 тамыз аралығына жоспарланған. Осы уақытта Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.
«Жүргізушілер жолда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», деп жазады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.