Аймақтар • 02 Тамыз, 2021

Атырау ішкі туризмнен 100 млн теңге табуды көздеп отыр

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау ішкі туризмнен 100 млн теңге табуды көздеп отыр

Оның айтуынша,, 2021-2025 жылдары жаңа туристік нысандар салынып, 338 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Өңірде ішкі туризмді кешенді дамыту көзделіп отыр. Мәселен, туристік нысандарға келушілер саны жылына 33,7 мыңнан 79,4 мың адамға артатыны күтіліп отыр. Сол кезде бюджетке 100 млн теңгеден астам салық түседі деген болжам бар», дейді Қаныш Мәмбетов.