Аймақтар • 02 Тамыз, 2021

Алматыда індет жұқтырған 240 бала ауруханаларға түсті

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда індет жұқтырған 240 бала ауруханаларға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда індет жұқтырған 240 бала ауруханаларға түсті
Бүгін, яғни 2 тамызда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан мәліметтер төмендегідей.

Мегаполисте соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 1540 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1404 симптомдық белгілері бар және 136 симптомсыз. Ауруханалардан емделіп шыққандар саны – 198 болса, есесіне, келіп түскені – 439 адам.

Инфекциялық стационарларда (7 045 төсек-орын) жалпы саны 4 930 адам, оның ішінде 240 бала емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 310 науқас жатыр.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 10 070 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 9564, симптомсыз 506 науқас бар екендігін айта кету керек.

Алматы қаласы бойынша 1 тамызда  4 971 адам вакцина алды.

Ақпан айынан бері қала бойынша 1-компонентты 725 575 адам вакцинацияланған.  Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер  саны 99 587-ге жетті.

Айнаш ЕСАЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

АЛМАТЫ