Қоғам • 03 Тамыз, 2021

Оңалту құралдарын онлайн алдырды

388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 16 мыңнан аса адам медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес әзірленген оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде протездік-ортопедиялық көмек қызметін алды.

Оңалту құралдарын онлайн алдырды

Бұл қызметтерге протез, жүріс арбасы, таяқ, балдақ, ортопедиялық аяқкиім, бандаж, корсет, тутор, реклинатор, басұстағыш, супинатор, емдеу белдіктері, балаларға арналған профилактикалық шалбар және басқа да құралмен қамтамасыз ету жатады.

Портал мүгедектігі бар адамдарға өндіруші мен тауарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қыз­метті алушының электронды цифр­лы қолтаңбасымен растау ар­қылы жүзеге асырылады. Тап­сы­рыс­ты жеткізіп беруге де болады немесе тапсырыс беруші өзі алып кете алады.

Порталда протездік-ортопедиялық қызмет көрсетуден басқа сурдо­тех­ни­калық, тифлотехникалық және ги­гие­на­лық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар алуға өтінім рәсімдеуге болады.

Осы жылдың басынан бері Әлеу­мет­тік қызметтер порталы ар­қы­лы мүгедектігі бар 113 мыңнан аса адам оңалтудың техникалық құ­рал­дарын, 6 мыңнан аса адам ымдау тілі қызметін, 31 мыңнан аса адам жеке көмекшінің қызметін алып, 36 мыңға жуық азамат санаторлық-ку­рорт­тық емделді және 122 мыңнан аса адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға тапсырыстар рәсімдеді.

Бүгінде порталда арнайы әлеу­мет­тік қызметтер көрсететін 859 ме­ди­циналық-әлеуметтік мекеме, 127 ОТҚ жеткізушісі, 13 мыңнан аса жеке көмекші қызметін, 250 ымдау тілін, 66 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша өнім беруші тіркелген.

Өткен жылдың 29 желтоқсанынан бастап Электронды үкімет арқылы (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге электронды өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Осы кезеңде Электронды үкімет порталы арқылы оңалту құрал­дарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 110,5 мыңнан аса құжат рәсімделді.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жү­йе­сін енгізу Мүгедектігі бар адам­дар­дың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жө­ніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарас­тырылған. Порталды пайдалану бойынша кеңесті қолдаудың байланыс-орталығынан алуға болады, оған тілді таңдап және 4 санды басып,1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласу керек.