Тағайындау • 03 Тамыз, 2021

Атырауда сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы келді

911 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Ерлан Қайнатоллаұлы Қабдинов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы келді

Ерлан Қабдинов 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары, 2003 жылы Батыс Қазақстандағы «Евразия» тілдер және менеджмент институтын экономист, 2012 жылы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 2000-2003 жылдары «General Electric» халықаралық компаниясында менеджері ретінде бастаған. 2003-2006 жылдары Астана қаласындағы «Аль-Тагир» ЖШС директорының орынбасары, 2006-2009 жылдары Атырау және Ақтау қалаларындағы «БК-Стройпроект» ЖШС-нің бас директоры, 2009-2011 жылдары Ақтау қалалық саулет және қала құрылысы бөлімінің техникалық қызметкері, бас маманның міндетін атқарушы, сондай-ақ бас маманы болған.

2011-2013 жылдары Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы, кейін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінде аттестаттау басқармасының сарапшысы болған. 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде аттестаттау басқармасының бас сарапшысы, 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару, лицензиялау және аттестаттау басқармасының бас сарапшысы лауазымын атқарды.

2016-2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінде лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасының бас сарапшысы, 2018-2019 жылдары Атырау қалалық білім бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, басшы орынбасары, осы тағайындауға дейін Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.