Оқиға • 03 Тамыз, 2021

54 рет ерже бұзған жүргізушіге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптада айыппұлын төлемеген 56 автокөліктің иесі анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

54 рет ерже бұзған жүргізушіге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

«Аталған автокөліктердің жүргізушілері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғаны үшін «Сергек» камераларына түскен. Патрульдік полиция қызметкерлері 30 шілдеде сағат 11:10 шамасында Махамбет көшесі мен Бейбарыс даңғылының қиылысында «Тoyota Camry» автокөлігін тоқтатты. Армениядан әкелінген көлікті 1974 жылы туған әйел басқарған. Тексеру кезінде аталған иесінің 1 млн 38 452 теңгені құрайтын 54 айыппұлды төлемегені анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 785-бабына сәйкес айыппұлын төлемеген жүргізушінің армениялық көлігі арнаулы тұраққа қойылды.