Бокстан алғашқы чемпиондар белгілі бола бастады. Өкініштісі, 2004 жылдан бері «қазақтың салмағы» аталып келген 69 кило салмақта Рониэль Иглесиас Куба құрамасына алғашқы алтынды алып берді. Ал 57 килода бақ сынаған Сена Айридің жетістігі, тіпті керемет. Ол қыздар арасында Жапония тарихында тұңғыш рет бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Қырғызстан балуандары кеше екі бірдей (1 күміс, 1 қола) медальға қол жеткізді.

Кешегі Олимпиада күні боксшыларымыз үшін сәтті басталды деу қиын. Бұған дейін аса ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алғаны белгілі. Енді медаль алатындардың қатарына тек Сәкен Бибосынов қана қосылды. Ал Зәкір Сафиуллин өз мүмкіндігін жіберіп алды. Рио Олимпиадасында үш алтын медаль жеңіп алған Өзбекстан құрамасының жартылай финалда бір ғана боксшысы қалғанын ескерсек, қазақстандықтардың жеткен жетістігі қанағаттанарлық деуге болады.
52 килода бақ сынаған Сәкен Бибосынов ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен кездесіп, өте тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Ал 63 килоға дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Зәкір Сафиуллиннің жолы болмады. Зәкір 1/4 финалда аустралиялық Гарри Гарсайдпен жұдырықтасып, 2:3 есебімен жеңілді. Кездесуден кейін жерлесіміз рингті босатпай, тіпті қызыл бұрышты рұқсат етілмеген әдіспен теуіп те жіберді. Зәкірді журналистер қауымы бірер сөзге тартпақ болып едік, ол көз жасына ерік беріп кете барды. Алайда жылағаннан не пайда?! Барлық күш-жігерін рингте жекпе-жекте көрсету керек еді...
Бұл додада грек-рим шеберлері де сенімді ақтамады. Қазақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды. Кеше ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Тұрсынов 87 кило салмақ дәрежесінде белдесті. Германиялық Денис Кудламен өткен белдесу 4:1 есебімен неміс спортшысының пайдасына шешілді. Белдесу аяқталғаннан кейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов бұл жолы да төрешілер шешімімен келіспейтінін жеткізді.
Ерлер арасында 1000 метр қашықтық бойынша В финалында сынға түскен Сергей мен Тимофей Емельяновтар тиісті қашықтықты 3:32.873 уақытта бағындырып, өз тобында төртінші болды. Дәл осындай көрсеткішпен ағайынды Емельяновтар жарысты жалпы қорытынды бойынша 12-орынмен аяқтады.
Көптің үміті болған гимнаст Милад Карими гимнастикалық керме снарядында сынға түскен болатын. Іріктеу кезеңі Милад үшін жап-жақсы басталып еді. Аталған жаттығу бойынша ол екінші орында тұрды. Қуанып та қалып едік. Қазақстандық спортшының бағдарламасы ең қиын бағдарламалар қатарына кіргендіктен, оны жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондай үлкен тәуекелге барған Милад келесі жаттығуды орындау барысында екі рет құлап, ұпайы төмендей берді. Ол 11,266 ұпаймен сегізінші орынды қанағат тұтты. Гимнастикалық кермедегі жаттығуда жапониялық Даико Хасимито (15,066) чемпион атанса, екінші орынды хорватиялық Тино Србич (14,900) иеленді, үздік үштікті ресейлік Никита Нагорный (14,533) түйіндеді.
Сонымен қатар әртістік жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Екатерина және Александра Немич Олимпия ойындарын аяқтады. Техникалық бағдарлама қорытындысы бойынша 83,2338 ұпай жинаған ағайынды Немичтер қоссайыс нәтижесімен (167,1005 ұпай) 16-орынға тұрақтады.
Спорттық құзға өрмелеуден алғашқы іріктеу сынына қатысқан Ришат Хайбулин қоссайыс нәтижесі бойынша 11-орыннан көрінді.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді
Спорт • Бүгін, 09:08
«Сағадат саябағына» қойылған гүл шоқтары
Қазақстан • Бүгін, 08:59
Балғындарға арналған көркемсөз байқауы
Аймақтар • Бүгін, 08:57
«Джиро д’Италия» мәресіне таяп қалды
Спорт • Бүгін, 08:51
Футбол • Бүгін, 08:49
Теннис • Бүгін, 08:47
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Мектеп бітіргендерге сертификат берілді
Қоғам • Бүгін, 08:40
Қазақстан • Бүгін, 08:38
Мал шаруашылығындағы маңызды қадам
Экономика • Бүгін, 08:35
Орталық Еуропаны алаңдатқан көлік мәселесі
Әлем • Бүгін, 08:28
Еліміздің табысы – әрбір жастың еншісінде
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Референдум-2022 • Бүгін, 08:20
Референдум-2022 • Бүгін, 08:18
247 сайлау учаскесі жұмысын бастайды
Референдум-2022 • Бүгін, 08:14
Азаматтық ұстанымның айқын көрінісі
Референдум-2022 • Бүгін, 08:08
Жұртшылықты ақпараттандыруға баса мән беру керек
Референдум-2022 • Бүгін, 08:03
Халықтың табысын арттыру – стратегиялық міндет
Үкімет • Бүгін, 08:00
Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады
Білім • Кеше
АҚШ: Қару қолдануда саясат жоқ
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Экономика • Кеше
Адам капиталы – басты құндылық
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Руханият • Кеше
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Білім • Кеше
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Спорт • Кеше
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
Қазақстан • Кеше
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Диқандардың техникасы сақадай сай
Аймақтар • Кеше
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды
Аймақтар • Кеше
Сенатта Арменияға мұнай жеткізу қағидалары талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар