Экономика • 04 Тамыз, 2021

Қазақстанда ет бағасы қымбаттайды

610 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстанда ет бағасы 13%-ға қымбаттады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда ет бағасы қымбаттайды

Ауыл шаруашылығы министрлігі баға өсе беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

Ақмырза Жанатаев - 10 жылдан астам жылқы, сиыр және қой өсірумен айналысатын тәжірибелі малшы. Ол қазіргі уақытта мал ұстау тиімсіз екенін айтады. Көлік сайманы мен жанармай шамамен 10%-ға қымбаттады, жем бағасы төрттен бір есе өсті. Биыл жағдайды шөп пен арпаның тапшылығы қиындатты. Фермер үшін әр бас алтынмен өлшенеді, бірақ делдалдар тауар бағасын төмендетуге тырысып жатыр.

«Делдалдар бізден арзанға, келісіне 1400, 1700 теңгеге сатып алады. Бірақ нарықта олар кемінде ірі қара етін 2400, қой етін - 4000-ға дейін, жылқы еті - 5000 теңгеге дейін сатады», дейді шаруа қожалық басшысы Ақмырза Жанатаев.

Фермерлер жақын арада 1 келі ет үшін 4000 теңге сұрауға тура келетініне сенімді. Қазірдің өзінде сиыр еті, жылқы еті мен қой етінің бағасы орташа есеппен 13%-ға қымбаттаған.

Болжамдарға сүйенсек, ет көп ұзамай тек мереке күндері ғана болатын дәмді тағамға айналады. Арзан болғаны үшін тауық етіне сұраныс артуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасына жанама әсер ететін факторларды шешуге тырысып жатқанын айтты.

«Шөп дайындау жоспары жасалды. Жоспар бойынша 23 миллион тонна шөп дайындалады. Оның ішінде 1 тамыздағы жағдай бойынша 60%-ы немесе 15 млн тоннасы орындалды. Министрлік жем-шөп құнын төмендету бойынша да жұмыс жүргізіп жатыр», дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас сарапшысы Ғани Жұмахметов.

Бағаның қымбаттағанына қарамастан, қазақстандықтар етті көбірек тұтына бастады. Сиыр етіне сұраныс 1%-ға, қой етіне 1,5%-ға өсті. Ет өнімдері бойынша жылқы еті көш бастап тұр. Еттің бұл түріне сұраныс 8 пайызға өсті.