Әлем • 04 Тамыз, 2021

Бас прокуратура Бакиевті не күтіп тұрғанын айтты

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Бас прокуратурасы бұрынғы Президент Құрманбек Бакиев Отанына оралса, оны дереу қамауға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz prokuror.kg сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратура Бакиевті не күтіп тұрғанын айтты

«Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасының аумағына құқық қорғау органдары тарапынан келген немесе жеткізілген жағдайда, 2010 жылғы 7 сәуірдегі оқиғалар және қылмыстың басқа да эпизодтары бойынша оған 2016 жылғы 29 шілдедегі заңды күшіне енген сот үкімінің негізінде 30 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылатынын хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Бұған дейін Қырғызстан билігі бұрынғы Президенттер Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевтің «Құмтөр» туралы іс бойынша іздеу жариялаған болатын.

2 тамызда елдің тұңғыш Президенті Асқар Ақаев Қырғызстанға жеткізілді, ол 2005 жылғы төңкерістен кейін елден қашқан. ҰҚК Ақаевты «Құмтөр» туралы іс бойынша жауап алғанын және оның тергеумен белсенді жұмыс істейтінін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде қырғызстандықтар Бакиевті қайтаруға дайындалып жатыр деген пікірлер айтылды.

«Құмтөр» ісі бойынша көптеген бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар қамауға алынды. Олардың қатарында экс-Премьер-Министрлер Өмірбек Бабанов пен Темір Сариев бар.