Аймақтар • 04 Тамыз, 2021

Атырауда мейрамханадағы үйлену тойы тоқтатылды

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда карантин шектеуін елемегендер мейрамханада үйлену тойын өткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мейрамханадағы үйлену тойы тоқтатылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндік шектеу кезінде той өткізетіндер әлі де азаяр емес.

«Исатай ауданында 7 мобильді топ мүшелері әр түрлі іс-шара, той түріндегі басқосу өткізген 15 деректі тіркеді. Нақтысын айтқанда, «Лото клуб» кеңсесі мен 14 тұрғын үйде той-думан өткізілген. Ал, Қызылқоға ауданында 6 іс-шара мен 4 той өткені анықталды. Атырау қаласына таяу орналасқан Дамбы ауылдық округінде 1 тамызда сағат 19:00 шамасында «Адина» мейрамханасында өтіп жатқан үйлену тойы тоқтатылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Карантиндік шектеуге қарамастан түрлі іс-шаралар мен той өткізгендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35