Елорда • 04 Тамыз, 2021

Эпидахуал: Нұр-Сұлтан «қою қызылдан» «қызыл» аймаққа өтті

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қою қызыл» аймақ – қауіп-қатер деңгейі өте жоғары аймақ. Оған 18 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстанның бес қаласы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы кірген болатын, деп жазады Egemen.kz.

Эпидахуал: Нұр-Сұлтан «қою қызылдан» «қызыл» аймаққа өтті

«Қою қызыл» аймақта инфекциялық төсектердің толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары болады. Нұр-Сұлтанда кешеден бері инфекциялық стационарлардың жүктемесі 69% құрап, қала қайтадан «қызыл аймаққа» өтті. Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты. 

«Биылғы маусымның екінші онкүндігінен бастап «Дельта» штамының таралуымен елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлады және маусым-шілде айларында жыл басынан бергі барлық сырқаттанушылықтың 55% -ы тіркелді. Шілде айында аурушаңдық деңгейі мамыр айындағы көрсеткіштен - 2,4 есе, маусым айында 2,3 есе асып түсті. Естеріңізге сала кетейін, коронавирустың жаңа түрі қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді және ауруханаға жатқызу мен өлім -жітімнің жоғары ықтималдығы бар», деп атап өтті С.Бейсенова.

Бас санитардың айтуынша, ескертулер және жазалау шараларының қабылдануына қарамастан, тұрғындардың бәрі бірдей қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайды. Кейбір  мекемелерде санитарлық нормалар мен карантин талаптары ескерілмейді, кәсіпкерлік объектілері есіктерін жауып алып жұмыс істеп жатыр. Осы жылдың 20 мамырынан бастап мониторингтік топтар 7 мыңнан астам нысанды тексеріп, 251 карантин режимін бұзу фактісін анықталды. Бұл нысандардың көпшілігі - қоғамдық тамақтану орындары.