TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Рингке сүйеніп, наразылық білдірді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

91 килодан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен француз боксшысы Мұрат Әлиев Олимпиаданың ширек финалында британдық Фрейзер Кларкпен болған кездесуден кейін рингтен кетуден бас тартты.

Рингке сүйеніп, наразылық білдірді

Әлиев баспен соққы жа­сағаны үшін төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Кларк­тың пайдасына шешіп берген еді. Ұлты әзер­байжандық боксшы осы шешімнен кейін төрешіге наразы болып, рингтен кетпей қойды. Тіпті жарыс бітсе де ринг шетінде отырып, наразылығын білдіруге тырысып көрді. Бірақ ұйымдастырушылар тарапынан ешқандай әрекет жасалмады.
Айта кетейік, алдыңғы Олим­пиа­даларда бокстан төре­ші ше­шіміне келіспеген жағ­дайда бір­ден наразылық білдіруге рұқ­сат етілетін еді. Қазір боксты ұйым­дастыру құқығы халық­аралық Олимпиада комите­тіне өткеннен кейін ондай нара­зылық шағым алынып тасталған.