TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Қытайлық қандасымыз – жүлдегер

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай атынан Токиода бақ сынаған Уәлихан Серік (Сайликке) Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Қытайлық қандасымыз – жүлдегер

Бұған дейін әлем чемпио­натының қола медалін иеленген қандасымыз Олимпиаданың екінші айналымында жапон балуанымен күресіп, төрешілер болмашы ұпаймен жеңісті жапондыққа беріп жіберген еді. Бұйыр­ған кетпес деген осы шығар. Өз кезегінде жапондық балуан финалға шы­ғып, Уәлихан қола медаль үшін «жұбаныш» белдесуіне мүм­кіндік алды. Сол мүмкіндігін мүлт жібермеген Уәлихан әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері, украиналық Ленур Темировтен басым түсіп, көздеген мақсатына жетті.