Токио Олимпиадасының финалында ол грузиялық Якоб Каджаяны 5:0 есебімен жеңді. Лопес – грек-рим күресінен Олимпиада алтынын төрт рет жеңіп алған алғашқы балуан. Сондай-ақ оның қоржынында әлем чемпионатының бес алтыны мен үш күміс жүлдесі бар. Панамерика ойындары мен Панамерика чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Бұған дейін Олимпиада рекорды үш алтыны мен бір күміс жүлдесі бар Александр Карелинге тиесілі еді.
Сондай-ақ дзюдодан 100 килодан жоғары салмақта татамиге шыққан Тедди Ринер де Олимпиада шыңын осымен төртінші рет бағындырды. Ринер Токио төрінде жекелей сайыста қола жүлде алғанымен, аралас командалық белдесуде алтын медальға қол жеткізді. Жапония құрамасынан басым түскен Франция құрамасы Олимпиада алтынын иеленді. Осылайша, Тедди Ринер төрт дүркін Олимпиада чемпионы және екі дүркін қола жүлдегері атанып отыр. Сондай-ақ ол – спорттық мансабында 11 дүркін әлем чемпионы атанған бірден-бір дзюдошы.