Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Қостанай облысында 3 бала терезеден құлады

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы бірнеше күн ішінде Қостанай облысында үш бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында 3 бала терезеден құлады

«Қостанай облысы аумағында соңғы 5 күн ішінде үш бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады. Зардап шеккендер балалар 2, 3 және 5 жаста. Олардың барлығы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Соңғы жағдай кеше облыс орталығында орын алған. 2018 жылы туған бала бірнеше минутқа ғана әкесінің назарынан тыс қалып терезеден құлап кеткен», деп түсіндірді облыстық басқармада.

Терезеден құлап кету себептері терезелері ашық пәтердерде баланы қараусыз қалдыру, терезеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы блокиратор, шектеуіш немесе өзге қорғаныстың болмауы, терезе алдында үстел, орындық, диванның болуы.

«Үйдегі балалардың қауіпсіздігін алдын ала ойластыру арқылы осныдай жағдайды болдырмау керек. Блокиратор мен шектеуіштің бағасы бірнеше мың теңгеден аспайды. Терезелер жабдықталмаған күйде болса, балалардың өміріне қауіп төнуі мүмкін», делінген хабарламада.