Білім • 05 Тамыз, 2021

Шымкенттің оқу ордалары заманауи дизайнда салынып жатыр

924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қаладағы салынып жатқан барлық жаңа мектептердің құрылысына жаңа талаптар қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттің оқу ордалары заманауи дизайнда салынып жатыр

Тұран шағынауданында орналасқан №139 мектеп 1200 орынға шақталған. «АРТ-құрылыс» мердігер мекемесі мектеп құрылысын 2019 жылдың қараша айында бастаған болатын. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталды. Қазіргі уақытта кемшілік тұстары жөнделіп, ішкі жұмыстар атқарылуда.

Мектеп жаңаша дизайнда жасалып, қабырғасына арнайы бояулар қолданылған. Ерекшелігі – заман талабына сай техника, жиһаздармен жабдықталған. Лингафонды мультимедиялық кабинеттер, модификацияланған химия, биология және физика сыныптары, СТЕМ-кабинеттер, арнайы ақпараттық-технологиялық құрал-жабдықтар – барлығы соңғы заманауи стандартқа сай жарақталған.

мектеп

Балалардың қауіпсіздігі үшін ішкі істер органдарымен орталықтандырылған бейнекамералар қойылатын болады. Сонымен бірге, адам бейнесін танитын турникеттер мен дабыл батырмалары да қарастырылған.

Заманауи мектеп оқушыларын жаңа оқу жылында қабылдауға дайын.

мектеп