Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп, қола жүлдегер атанды. 52 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшы ұлыбританиялық Джалал Яфаиге есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Жекпе-жектен соң Сәкеннің жеке бапкері Мырзағали Айтжанов боксшысының Олимпиададағы нәтижесі жайлы пікір білдірді.
«Британиялық боксшыны бұрыннан танимыз. Кезінде Біржан Жақыпов талай қолғап түйістірген. Олимпиада болғандықтан қобалжып, бірінші раундта бас салып алдыға жүгірді. Бір-екі соққы тиіп кетті. Оны нокдаун санайтын-санамайтынын біз шешпейміз. Төреші нокдаун дегендіктен бірінші раундты қарсыласына берген болар. Дұрыс. Ал екінші және үшінші раундты енді, бүкіл әлем көрді деп ойлаймын. Жекпе-жектен соң ағылшын бапкерлері кешірім сұрап жатыр. Әріптеспіз. Кімнің жеңгенін, кімнің жеңілгенін жақсы білеміз ғой.
Қолаға да шүкір. Қанша тер төгілді, еңбектендік. Бүгін финалға шығып, көк туымызды желбіретеміз деген сеніммен келген едім. Өз басым, жеңетініне де, өтетініне де сенімді болдым. Рингтің бұрышында тұрып, көп нәрсені сеземіз ғой. Қап, берсе екен деп ойладым. 3:2. Бұйырмады. Сәкеннің бүгінгі өнері тамаша болды. Нағыз ер-жігітке тән қайсарлық, жігерлік бойынан көрінді. Неге десең, екінші раундтан бастап тең ойнады. Жігітке тән мінезді көрсетті. Үшінші раундта жеңісті жұлып алды. Бірақ, амал жоқ, төрешілер басқаша шешті.
Ағылшын боксшысы тек бірінші раундты жеңді деп мойындаймын. Ол кезде Сәкен бас салып, алдыға жүгіріп кетті. Ал одан кейін Сәкен өз мәнерінде жұдырықтасып, өз ойынын көрсетті. Екінші раундтан соң Сәкенге бар күшіңді сал, артында барша жұрт саған сенім артып отыр дедім. Дегенмен оған тағар кінә жоқ. Барын берді. Біржан алмаған жүлдені, Қайратқа бұйырмаған медальді мойнына тақты. Қаншама жігіттеріміз жүлдесіз қайтты.
Кезінде Токио Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте көш басында тұрып, шәкіртім алтын алады деген мақсат қойып едім. Өкінішке қарай, орындалмады. Енді Парижде мақсатымызды орындау үшін еңбек етеміз», деді бапкер.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар