Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Атырауда есірткі тасымалдаған полицейлер сотталды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық No2 соты есірткі тасымалдау кезінде ұсталған екі полиция қызметкерін 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz,

Атырауда есірткі тасымалдаған полицейлер сотталды

Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік полицияның екі қызметкері Алматыдан марихуананың ірі партиясын сатып алып, мотоцикл шинасымен тасымалдаған. Олар 14 ақпанда Атырау-Доссор тас жолында ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілді. Сот айыпталушылардың құқық қорғау органында қызмет ету кезінде ауыр қылмыс жасағанын және антты бұзғанын ескерді. Полицейлерді шенінен айырып, әрқайсысын 7 жылға соттады.