TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Олимпиаданың алтын медалін тістеген Жапония мэрі сынға ұшырады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Софтболдан жапондық команданың жеңіп алған алтын медалін тістеген орталық Жапония мэрінің әрекеті сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Олимпиаданың алтын медалін тістеген Жапония мэрі сынға ұшырады

Нагоя қаласының мэрі Такаши Кавамураның бұл қылығы сәрсенбі күні қаланың 20 жастағы тумасы Миу Готоның Токиодағы Олимпиада ойындарында Құрама Штаттар командасын жеңген соң муниципалдық билікке келгенінде орын алған.

Гото медальді Кавамураның мойнына ілгенінде, ол әуелі оны ұстап тұрып, «ауыр екен» деген соң, кенеттен одан сұрамай медальді тістеп көрді. Твиттерде көп адам бұл әрекеттің Жапонияда «коронавирус оқиғаларының көбеюі кезінде жауапсыздық» танытып отырғанын айтты.

Гото ойнап жүрген клуб командасына иелік етіп отырған Toyota Motor Корпорациясы Кавамураға қатысты сын айтып, «бұл – құрметке тұрмайтын әрі лайықсыз әрекет», деп жазды.

«Біз мэрдің өзін тиісті түрде, көшбасшы сияқты ұстанатынына сенгіміз келеді», деп мәлімдеді компанияныың Нагояға жақын орналасқан бөлімшесінен.

Сәрсенбі күні Кавамура өзінің әрекеті үшін кешірім сұрады.

«Бұл менің құштарлығымның көрінісі еді. Қандай да бір мәселе туындатқаныма өкініш білдіремін», деді ол өз мәлімдемесінде.