Әлем • 05 Тамыз, 2021

Калифорниядағы алапат өрттен мыңдаған адам зардап шекті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калифорнияда тез тарап жатқан өрт салдарынан Плейсер және Невада округтерінде мыңдаған адам эвакуацияланды, 600 гектар жер отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Калифорниядағы алапат өрттен мыңдаған адам зардап шекті

Калифорнияда орын алған өрттің салдарынан Плейсер округінде кем дегенде 2 400 адам үйін тастауға мәжбүр болған. Ал Невада округінде тағы 4 200 адам эвакуацияланған. Екі округте де эвакуация орталығы жасақталды.

Плейсер мен Невадада 1 400 акр (566 гектар) жерді жалын басқан. Диксиде 160 шақырымға жуық жердегі өрт жалғасуда. Ондағы жалын 278 мың акр жерді шарпыған. Өрт басталған кезден бері үш апта ішінде аумақтың тек 35%-ында ғана тілсіз жау ауыздықталған.

Соңғы жаңалықтар