«09.45 жағдай бойынша, мемлекеттің барлық мүмкіндігін жұмылдыру нәтижесінде 28 шілде мен 6 тамыз аралығында болған 208 өрттің 196-сы бақылауға алынды», деп жазылған Түркияның орман шаруашылығы бас басқармасының Twitter парақшасында.
Елдің ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің айтуынша, табиғи апатпен күресуге 16 ұшақ, 56 тікұшақ, 850 суару көлігі және автоцистерна тартылған.